Қазақстан
1 мин оқу 1,060
Белгілі актер Дархан Дайырбек өмірден өтті
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның мәдениет қайраткері, танымал актер Дархан Дайырбек дүниеден өтті. Бұл туралы продюсер Нұртас Адамбай Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
"Бүгін түнде танымал актер Дархан Дайырбек өмірден өтті. Біздің студия барлық туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Дархан аға барлық уақытта өте көңілді жүретін, қайырымды жан еді. Біз оның дәл сондай жарқын бейнесін есте сақтап қаламыз. Дәке, рөлдеріңіз үшін, жұмысқа, адамдарға деген қарым-қатынасыңыз үшін рахмет. Иманды болыңыз!", деп жазды Нұртас Адамбай.
Бөлісу: