Руханият
1 мин оқу 535

Қазақ және шет тілін меңгеруге шақырады

<p style="text-align: justify;">Тіл қатынас пен пікірлесудің таптырмас құралы болғандықтан, қанша жұрттың тілін білсең, сонша түрлі ілім игеріп, білім көкжиегің кеңейе түседі.</p>

Қазақ және шет тілін меңгеруге шақырады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл cаясаты комитетінің тапсырысымен "Астана-Руханият" ЖШС "Қазақстан Республикасында  тіл саясатын іске асырудың  2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 15 шілдесінен бастап 15 қарашасы аралығында республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептері жанындағы курстарға қазақ және туған тілін үйренуге мүдделі этникалық топтардың өкілдерін шақырады.

Оқу тегін жүргізіледі.

Курсқа жазылу мерзімі: 14 шілдеге дейін.

Сіздің мына тілдерді тегін үйренуге мүмкіндігіңіз бар: қазақ, армян, әзірбайжан, балқар, белорус, башқұрт, ингуш, грек, грузин, дүнген, еврей, корей, күрд, неміс, өзбек, қырғыз, молдаван, орыс,  поляк, татар, тәжік, түрік, түркімен, украин, ұйғыр, шешен.

Курс соңында тыңдаушыларға сертификат табысталады.

Тіл үйренушінің жасына шектеу қойылмайды.  

Тіл – асыл ойдың бұлағы, өлшеусіз қазына, сол тілде сөйлейтін халықтың жан-дүниесі, орайы келіп тұрған оңтайлы уақытты құр өткізіп алмаңыз.

Байланыс телефоны: 87014511417

Электронды пошта: rukhaniyat.astana@mail.ru

Бөлісу:
Қазақ және шет тілін меңгеруге шақырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар