Аймақтар
1 мин оқу 431

Атырауда үш гараж отқа оранды

<p style="text-align: justify;">Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кеше, 7 шілдеде сағат 13:06-да&nbsp; тұтаныпты, деп хабарлайды.</p>

Атырауда үш гараж отқа оранды

"Департаменттің диспетчерлік қызмет пультіне Атырау қаласының Азаттық даңғылындағы 126-б мекенжайына таман орналасқан 3 гараж жанып жатқаны туралы хабар түсті. Үш гараждың жалпы аумағы 40 шаршы метрді құрайды. Оның екеуі қараусыз қалған. Ал, үшінші гараждың ішінде тұрған  ВАЗ-21213 маркалы автокөліктің де жанғаны анықталды" - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

1

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өртті сөндіруге арнаулы қызметтің жеке құрамынан 6 қызметкер мен 2  АЦ маркалы арнаулы  көлік жұмылдырылды. Өрт сағат 13:36-да оқшауланып, сағат 13:54-те толық өшірілді.

Бөлісу:
Атырауда үш гараж отқа оранды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар