Аймақтар
1 мин оқу 664

Атырауда қарасора өсірген тұрғын ұсталды

<p style="text-align: justify;">Естен тандырар&nbsp; &nbsp;есірткінің уыты бар өсімдікті &nbsp;өсірген тұрғын бармағын тістеп &nbsp;отыр. Облыстық&nbsp; полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оның бұл әрекеті&nbsp; "Қарасора &ndash;2020"&nbsp;&nbsp; жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде &nbsp;анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда қарасора өсірген тұрғын ұсталды

"Атырау қаласының маңындағы Химиктер поселкесінің тұрғыны  үйінің ауласында  құрамында есірткі заттары бар  қарасораның 4 түбі табылды.  Полиция қызметкерлері оның ауласынан  есірткі шөбін тәркіледі. Қазір аталған дерекке қатысты  ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде" - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өңір полицейлері аталған іс-шара басталғалы бері ҚР Қылмыстық Кодексінің 297 бабы (Есірткі заттарын  сату),  296-бабының 2 бөлімі (Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және  300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша  10-нан астам деректі тіркеді. Қазір  тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Атырауда қарасора өсірген тұрғын ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар