Атырауға 430 түрлі дәрі-дәрмек жеткізілді
<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік тұрмысы төмен топқа жататын тұрғындар қолдаудан кенде болған емес. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, енді оларға дәрі-дәрмектерді тарату көзделіп отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазір өңірдегі 314 дәріхананың 223-і Атырау қаласында тұтынушыға қызмет көрсетеді. Соңғы аптадағы дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу үшін "СК-Фармация" арқылы стационарларға және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бірқатар медициналық препараттар әкелінуде.
"Жақында Атырауға 220 миллион теңгені құрайтын дәрі-дәрмектердің 430 түрі шұғыл жеткізілді. Оның ішінде азитромицин, цефазолин, цефтриаксон сынды антибиотиктер мен ыстықты түсіретін дәрілер мен дәрумендер бар. Бұл препараттар партиясы облыс халқының сұранысын қамтамасыз етеді. Дәрі-дәрмектер қаладағы және аудандардағы дәріханаларға түгел таратылды. Апта соңында тағы осындай көлемде дәрі-дәрмектер жеткізіліп, қажетті дәрілердің белгілі деңгейде қоры болады. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің көмегімен алынатын препараттарды әлеуметтік жағдайы төмен топтарға емханалар арқылы таратуды ойластырып отырмыз", - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.