Індетпен күресуге зейнет жасындағы дәрігерлер де кірісті
<p style="text-align: justify;">БҚО-да 200-ге жуық медициналық қызметкер коронавирус жұқтырып, бірнешеуі көз жұмды. Қазір облыстық және қалалық ауруханаларда 100-ден астам медқызметкер жетіспейді. Ал науқастар саны сағат санап өсуде. Мәселен күн сайын жедел жәрдемге 1200 қоңырау келіп түседі, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>
Сол себепті өңірде коронавируспен күреске ардагер дәрігерлер де үлес қосуда. Зейнеттегі 40 маман қарап жатпай, қайта қатарға қосылды. Осылайша кадр тапшылығы мәселе шешілмек.
Қазір ардагер медицина қызметкерлері де күні-түні алғы шепте қызмет етуде. Қашықтан да кеңес барып жатқандары аз емес екен.
"Әр емхана жанынан ашылған ахуал орталықтарында да ардагер дәрігер қызмет көрсетуде. Сондай ақ колл-орталыққа қосымша медицина саласының ардагерлерін тартып жатырмыз", дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов.