Қостанай қаласының әкімі коронавирус жұқтырды
<p style="text-align: justify;">Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын қатаң сақтауыма қарамастан, өкінішке қарай, COVID-19-ға тапсырған тестілеуден оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен өз-өзімді оқшаулауға көшемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау", деді Қайрат Ахметов.
Әкім қала тұрғындарына шектеу шараларына бейжай қарамауға шақырды.
Қостанай облысы