Руханият
1 мин оқу 760

Ерекше дарын иесі еді

<p style="text-align: justify;">Өлшеніп берілген ғұ&shy;мыр деген осы екен. Ұлт ру&shy;ханиятының саңлағы, аты-жөні музыка әлемімен біте қайнасқан үлкен тұлға Кеңес ағамыздың да уақыты жетіпті. Қабырғалы қалың елі оның есімін ұмытпайтынын, сондай-ақ осы уақытқа де&shy;йін тыңдармандардың жүре&shy;гін әлдилеп келген әдемі әуен&shy;дерінің де халықпен бірге жасаса беретінін ойлап, дәтке қуат етеміз.</p>

Ерекше дарын иесі еді

Әрі сазгер, әрі ұйымдас­тырушы жарқын тұлға  Кеңес Дүйсекеев соңына  шоқтығы биік туындылар қалдырды. Оның камералық оркестр­ге, фортепианоға арналып жазылған «Жалаңтөс батыр»  симфониялық поэмасы, «Тол­ғау», «Астана» симфониялары, «Жыл мезгілдері» романстар циклы, «Жайлау таңы», «Жайлаудағы көш» сонаталары, басқа да көп­теген романстары талғам­паз зерттеушілерден ла­йық­ты бағасын алған, тыңдар­мандардың құлақ құрышын қандырған бірегей туындылар. Кәсіби әншілердің орындауындағы «Сәлем са­ған, туған ел», «Домбыра туралы баллада», «Толғау», «Еркеледің сен», «Ғашықтар әні», «Өкінбе сен», «Қарағым-ай», «Арман, арман», «Ойлан, балам», «Айнакөл» сияқты танымал әндердің де әуенінен Кеңес ағаның қолтаңбасы анық көрініп тұр. Сондай-ақ «Мәди», «Аққу» «Жібек» сынды  мюзиклдары, «Алдар көсе» опереттасы оның сан қырлы дарын иесі екенін айғақтайды.

Ол шығармашылығын шыңдай жүріп «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері және музыкалық жетекшісі боп еңбек етті. «Қазақконцерт» бірлестігінің музыка жетек­шісі, Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы сияқты жауапты жұмыстарды да музыка әлеміне адал қызмет ете жүріп  атқарды. Біз аяулы сазгердің алды жарық, арты кеніш болуын тілейміз. Отбасына, туыс­тары мен дос­тарына, рухани жақын жан­дарға қайғыра көңіл айтамыз.

Егеменқазақстандықтар

Бөлісу:
Ерекше дарын иесі еді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар