Коронавирус
1 мин оқу 1,725

Коронавирус індеті 3 кезеңнен тұрады

<p style="text-align: justify;">Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрила Малтабарова коронавирусты жұқтыру кезінде қолданылатын кеңестерді айтып берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бірінші кезең – интоксикациялық кезең. Науқастың дене қызуы 38 градустан 40-қа дейін көтерілуі мүмкін. Әлсіздік пен терлеу басталады. Осы кезең бір аптаға созылады.

Осы кезеңде ешқандай дәрі-дәрмекті ішпеген абзал. Дене қызуы 38 градустан артса ғана, оны төмендететін дәрі қолданылады. Басқа ешбір дәрі қолданылмайды.

Екінші кезең – 3-4 аптаға созылады. Бұл респираторлық синдром деп аталады. Дене қызуы көтерілген соң, құрғақ жөтел пайда болып, ентікпе басталып, буындар сырқырай бастайды. Осы кезде талдау сынамасының нәтижесі бойынша дәрігер антибактериялық дәрі-дәрмекті жазып беруі мүмкін. Басқа ешбір дәрі қолданылмайды.

Үшінші кезеңде, яғни оңалу кезінде организмді қалпына келтіру жаттығуларын жасауға болады.

Бөлісу:
Коронавирус індеті 3 кезеңнен тұрады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар