Мемлекеттің есебінен интернет платформа құруға қарсымын - Асхат Аймағамбетов
<p style="text-align: justify;">Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Елімізде оқушыларды онлайн режимде оқыту үшін Zoom интернет-алаңының баламасы жасалуы мүмкін бе, - деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>
"Жалпы бұл бағытта менің ұстанымым мынадай: мемлекеттің есебінен интернет-алаң болсын, басқа да платформа болсын құруға қарсымын. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл істің арты жақсы болмайды", - деді Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ, Білім және ғылым министрі отандық білім беру жүйесінде Ұлттық білім беру дерек қоры бар екенін айтты. Оның ішінде жеке мәліметтер бар.
"Бұл – басты әрі мемлекеттік база. Ол кезінде құрылған. Соны пайдаланып, дамытамыз. Kundelik, Daryn online, Bilimland секілді көптеген жүйені мемлекеттік жүйемен ауыстырудың меніңше қажеттігі жоқ. Мен нарыққа көбірек сенемін. Бәсекелестік болуы керек", - деді ол.