Аймақтар
1 мин оқу 400

Атырау облысында көлік жарылып кетті

<p style="text-align: justify;">Мақат ауданындағы &nbsp;газ құю станциясының жанында тұрған көлік өртеніп, содан соң жарылды. &nbsp;Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік &nbsp;кеше кеште өртеніпті, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Атырау облысында көлік жарылып кетті

"Департаменттің диспетчерлік пультіне 10 шілдеде  сағат 21:40-та "УАЗ" көлігінің өртенгені туралы хабар түсті.  "Доссор-Атырау" тас жолының бойында орналасқан "Промгаз" ЖШС-нің газ құю станциясының қасында 2007 жылы шыққан  автокөлік өртенді. Өрт кезінде көлік жарылды" -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тілсіз жауды ауыздықтауға  "Семсер" және Мақат аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің 10 қызметкері мен  2 техникасы  жұмылдырылды. Өрттен ешкім зардап шекпеді.

Бөлісу:
Атырау облысында көлік жарылып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар