Қазақстан
1 мин оқу 141

Бүгін бірнеше өңірде аптап ыстық болады

<p style="text-align: justify;">13 шілде күні еліміздің басым бөлігіне антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін бірнеше өңірде аптап ыстық болады

Алайда, елдің солтүстік және солтүстік-шығысында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр болады, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте және батыста – шаңды дауыл, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. 

Түнде Павлодар, Қарағаңды, Ақмола облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі. Павлодар облысында желдің екпіні 15-20 м/с артады. 

Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрады. 15-20 м/с жылдамдықтағы жел 25 м/с күшейеді. 

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Түркістан облысында күндіз желдің екпіні 25 м/с жетеді. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау облысында, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Бүгін бірнеше өңірде аптап ыстық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар