Үкімет
1 мин оқу 210

Асқар Мамин індеттен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты

<p style="text-align: justify;">Премьер-Министр Асқар Мамин коронавирус инфекциясынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты. Бұл туралы&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Асқар Мамин індеттен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты

"Осынау күрделі кезеңде Қазақстан коронавирус індетімен күресуде. Өкінішке қарай, қауіпті індеттің салдарынан біздің отандастарымыз да көз жұмуда. Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына аса қайғыра отырып көңіл айтамын.  

Мемлекет басшысының шешімі бойынша 13 шілде COVID-19 індетінен қайтыс болған қазақстандықтарды еске алу үшін Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қабылданып жатқан шаралар халқымыздың табандылығы мен ерік-жігерін және өз күшіне деген сенімін тағы бір көрсете отырып, бізге індеттің таралуын тоқтатуға мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деді Асқар Мамин.

Бөлісу:
Асқар Мамин індеттен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар