Президент бірқатар медицина қызметкерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде еңбегі сіңген бірқатар медицина қызметкерлерін арнайы наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды <a href="https://www.akorda.kz/kz/legal_acts/decrees/kazakstan-respublikasynyn-memlekettik-nagradalarymen-nagradtau-turaly-8">Ақорда</a>ның баспасөз қызметі.</p>

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін:
|
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: |
||
|
Исаев Олег Николаевич (марқұм) |
– |
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі |
|
Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм) |
– |
«Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы. |
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 13 шілде
№ 370
Сондай-ақ бүгін құрбандарға тағзым шарасы республикалық арналарда тікелей эфир арқылы көрсетіледі.