Аймақтар
1 мин оқу 265
Атырауға 470 түрлі дәрі-дәрмек келді
<p style="text-align: justify;">Пандемия мен пневмония қос өкпеден қысып, тынысты тарылтып тұрғанда дәрі-дәрмектің қажеттігі ауадай сезіледі. Сол себептен, 12 шілдеде Алматыдан Атырауға тағы да 470 түрлі дәрі-дәрмек топтамасы әкелінді, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Медициналық препараттардың 470 түрі Алматыдан әкелінді. Ертеңнен бастап Атырау қаласындағы дәріханаларға таратылады. Ал, аудандарға сәрсенбі мен жұма аралығында жеткізіледі. Алдағы жұмада Алматыдан тағы да дәрі-дәрмек келеді. Онда коронавирустан емдеуге арналған медициналық препараттар болады", -дейді фармацевтикалық компанияның директоры Светлана Липатова.
Бөлісу: