Коронавирус
1 мин оқу 270

Қазақстанда COVID-19 таралғанына төрт ай болды

<p style="text-align: justify;">Елімізде коронавирустың таралғанына тура төрт ай болды. COVID-19 жұқтырудың алғашқы жағдайы осы жылдың 13 наурызында тіркелген еді. Ол Германиядан келген екі азаматтан анықталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

26 наурызда Қазақстанда коронавирустан болған бірінші өлім тіркелді. Сол күні 64 жастағы әйел қаза тапты. 

Бүгінгі таңда елімізде індетті жұқтырғандар саны 59 899-ға жетті. Жазылып шыққандар - 34 190, қайтыс болғандар - 375. 

Әлем бойынша коронавирус 12 млн 878 мың адамнан анықталды. 568 мыңға жуық науқас көз жұмып, 7 млн-нан астам адам індеттен айықты. 

Бөлісу:
Қазақстанда COVID-19 таралғанына төрт ай болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар