Жаңалықтар
1 мин оқу 235
Бирюловодағы күдіктіні бірнеше сағатта ұстауға уәде берілді

Мәскеу полициясы Батыс Бироловода 25 жасар Егор Щербаковты түн ішінде пышақтап өлтіріп кеткен Әзербайжан тумасы өз елінде де осындай қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатыр. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин ықтимал күдіктінің енді бірнеше сағаттың ішінде қолға түсетінін мәлімдеді.
«Ол – 1982 жылы туған Әзербайжан елінің тумасы Зейналов Орхан Захит Оглы», - деді ол.
Ал Бирюлево тұрғындары тағы да жергілікті әкімшілік алдында рұқсат етілмеген митинг өткізді.
Сұлтан Бозайғыр.
Бөлісу: