Оқиға
1 мин оқу 271

Үздік атанды

<p style="text-align: justify;">Таяуда &laquo;Бөбек&raquo; Жалпыұлттық қозғалысы&raquo; қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі &laquo;ТМД-ның үздік студенті &ndash; 2020&raquo; бай&shy;қау-жобасын ұйымдастырды. Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат жас ғалым&shy;дардың үздік жобаларын анықтау, студенттік ынтымақтастықты дамыту болды.</p>

Үздік атанды

Байқау-жобаға Қазақстаннан басқа Өзбек­стан, Ресей Федерациясы, Беларусь және басқа да бірқатар елдердің жоғары оқу орындарынан өтінімдер келіп түсті.

Осы сынға қатысқан Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика-техникалық факультетін биыл тәмамдаған Перизат Жаңбырбаева бірінші дәрежелі медаль мен дипломға ие болды.

«ТМД-ның үздік студенті-2020» байқау-жобасы жеңімпаздарының есімдері «Дарынды жастардың халықаралық энциклопедиясы» атты екінші кітаптық жиынтыққа енгізілді.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Үздік атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар