Саясат
1 мин оқу 225

«Әділет лейтенанты» шенін түзеу мекемесінде алды

<p style="text-align: justify;">Елімізде күрделі кезең&shy;дерге қарамастан, әрбір саланың өз тіршілігі мен жаңалығы жалғасып жатыр. Алматы облысы За&shy;реч&shy;ный ауылындағы 155/12 мемлекеттік ме&shy;ке&shy;&shy;месінде Ішкі істер ми&shy;нистрлігі Қостанай ака&shy;демиясының бес кур&shy;сан&shy;ты биылғы ақ&shy;пан-мамыр айлары аралы&shy;ғында тәжі&shy;рибеден өтіп, дипломдарын алды.</p>

«Әділет лейтенанты» шенін түзеу мекемесінде алды

Олар сотталғандар арасын­да топ бастығы қызметін әлеу­меттік-құқықтық және тәр­­бие жұмысын қауіпсіздікті жоғары деңгейде сақтай жүріп атқарды.

Короновирус індетіне қар­сы күресте жалпыға ортақ са­нитарлық талаптарды курсанттар бұлжытпай орындай отырып, өндірістік тәжі­рибеден өтуде жақсы нәтижеге же­тіп, мемлекеттік емтиханды жоғары жетістікпен тапсырды.

Мемлекеттік аттестациялау ко­мис­сиясының шешімімен түлектер біліктілігімен және «құқық қорғау әрекетінің ба­калавры» академиялық санатымен дәрежеленіп, Ішкі істер министрінің  бұйрығымен бі­рінші арнаулы шен «әділет лейтенанты» берілді.

155/12 мемлекеттік ме­ке­­месінің басшылығы санитар­лық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақ­тай отырып, ІІМ Қостанай академия­сының тү­лектеріне салтанатты түр­­де диплом тапсыру рәсімін өт­­­кізді.

Салтанатты жиынға рес­пуб­ли­калық «Генералдар Кеңесі» ода­ғының, Ардагерлер және Ауған соғысы мүгедектері ода­ғы Үйлестіру кеңесінің мү­ше­лері мен түлектердің ата-аналары қатысты.

«Шырақбек Қабылбаев атын­дағы Қостанай ака­де­миясының тү­лектері аталған оқу орнында бі­лім­­дерін нақты тәжірибемен ұш­тастырып, патриоттық рухты бойларына сіңіріп, лезде өте шыққан төрт жылдан ке­йін дипломдарын академия қа­бырғасында алмаса да Жетісу жерінде Қылмыстық атқару жү­йесінің бірінші шені «әділет лейтенанты» шенін иықтарына тағып, бойларына ерекше бір алапат жігер ұялатып шықты», деді Алматы об­­лыстық  ҚАЖ департаменті бас­­тығының орынбасары, әділет под­полковнигі Қанат Ашов.

Алматы облысы

Бөлісу:
«Әділет лейтенанты» шенін түзеу мекемесінде алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар