Экономика
1 мин оқу 175

Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару көлемі артады

<p style="text-align: justify;">Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев экономикалық белсенділікті қолдау мақсатында қаржы нарығын дамытудың қадамдарын атады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Инвесторларды тарту жұмысы жалғасады. Ол үшін Қаржы министрлігімен бірлесіп 2020 жылы 1 жылдан 3 жылға дейінгі секторда және 2021-2022 жылдары 1 жылдан 5 жылға дейінгі секторда мемлекеттік бағалы қағаздарды (МБҚ) шығаруды қамтамасыз етеді. 2020 жылдың соңына дейін тұрақты негізде 1 трлн теңгеге дейінгі көлемде қысқа мерзімді қағаздарды шығарумен МБҚ-ны шығару кестесіне тиісті өзгерістер енгізілді", - деді Ерболат Досаев.

Бұл Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарын облигациялардың халықаралық индекстеріне енгізу жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару көлемі артады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар