Коронавирус
1 мин оқу 193

Елімізде коронавируспен 46 мыңнан астам маман күресіп жатыр

<p>Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Өңірлерде эпидемиолог, анестезиолог, пульмонолог, инфекционист, реаниматолог мамандар жетіспейді. Министрлік КВИ-мен күреске қарсы түлектерді тартып жатыр. Оның ішінде, анестезиолог – 88, пульмонолог - 7, инфекционист – 26. Сондай-ақ, кадр тапшылығын шешу үшін министрлік шаралар қабылдап жатыр. Медицина университеттері бойынша 2 083 волонтер маман тартылды.

Президенттің Атырау облысында кадр тапшылығын шешу тапсырмасы бойынша, 13 шілдеде бірқатар шара қабылданды. Бас санитар дәрігердің бақылауы бойынша өңірге тауар мен қызметті бақылау бойынша 5 маман, 6 ресейлік маман, 10 клиникалық кафедра ғалымы, 9 клининцист бағытталды. 78 интерн дәрігер бір апта ішінде жетеді. Бұл шаралар Атырау облысын 108 жоғары білікті маманмен қамтуға мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысына 56 маман бағытталады. 9 ресейлік маман өңірде жұмыс істеп жатыр. 42 интерн дәрігер бір апта ішінде жетеді. Маңғыстау, БҚО, Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкентке мамандар тобы жасақталған

Бөлісу:
Елімізде коронавируспен 46 мыңнан астам маман күресіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар