Қазақстан
1 мин оқу 323

Қазақстанда жер реформасы жөніндегі комиссия құрылады

<p style="text-align: justify;">Үкімет басшысы Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы жөніндегі комиссия құру туралы шешім жобасын енгізуді тапсырды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Комиссия жер ресурстарын одан ары пайдалану бойынша нақты ұсыныстарды дайындауы қажет", - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-Министр сондай-ақ бірінші вице-премьер Әлихан Смайыловқа мемлекеттік органдар және ұлттық холдингтармен бірлесіп, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін пысықтап, екі аптаның ішінде шешім жобасын енгізуді жүктеді.

"Сондай-ақ әкімдіктер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне бірлесіп, "Жұмыспен қамту" бағдарламасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етіп, тұрақты жұмыс орындарын санын ұлғайтуды тапсырамын", - деді ол.

Бөлісу:
Қазақстанда жер реформасы жөніндегі комиссия құрылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар