Аймақтар
2 мин оқу 400

Маңғыстауда “Халыққа көмек” қоғамдық штабы құрылды

Өңірдің бірнеше белсенді кәсіпкер азаматтары, оның ішінде Ақтау қаласы мәслихатының депутаттары бастама көтеріп, облыс әкімі және Ақтау қаласы әкімімен ақылдаса отырып, биылғы жылдың 11 шілдесінде "Халыққа көмек" қоғамдық штабын құрды. Қоғамдық штабты басқару Еділ Жаңбыршинге тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда “Халыққа көмек” қоғамдық штабы құрылды

Қоғамдық штабтың құрамына облыс, қала, аудан депутаттары және белсенді азаматтар тартылды. Барлығы - 17 адам, оның алтауы - Жаңаөзен қаласы мен аудандардағы өкілдер.

Қоғамдық штабтың негізгі мақсаты - халыққа, жергілікті атқарушы билікке, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарға, денсаулық сақтау мекемелері мен ұжымдарына, дәрігерлерге қолдан келетін көмекті жасау. Билік тарапынан құрылған штабтардың жұмыстарын қайталамай, керісінше, олардың қолы жетпей немесе игере алмай жатқан шаруалары болса, сол проблемаларды бірлесе шешуге атсалысу.

-Әлемді жайлаған короновирус індеті Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Халқымызға, барлық әлеуметтік-экономикалық салаларға үлкен соққы беруде. Маңғыстау да бұл індеттен зардап шегуде. "Ел басына күн туса, ер басына сын туады"  деген, халықтың басына қиындық туғанда, көзі ашық, көңілі ояу адам бұл жағдайға бей-жай қарай алмайтындығы сөзсіз.Қазірдің өзінде кейбір елге қажетті жұмыстарды бастап кеттік. Мысалы, бұл аурудан басқа сырқаттармен ауыратын адамдарға күндізгі стационарларды ашу, қан орталығымен жұмыс жасау, қонақ үйлерде орналасқан дәрігерлерге қосымша берілетін дәруменді тамақтарды жеткізуді реттеу және басқалар. Қоғамдық штаб ел ішіндегі барлық белсенді топтармен, азаматтармен жұмыс жасауға ашық және дайын. Елдің дұрыс ұсыныс, пікірлерін қабылдап, өз жұмысымызға қолдануға әзірміз. Қадірлі ағайын!

Бұндай нәубет еліміздің басынан талай өткен, ата-бабамыз барлығынан бас біріктіріп, абыроймен шыққан! Ел Президенті бұл жағдайды соғыспен теңеп отыр, расында да солай! Қазақ "Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді" дейді.  Сондықтан, ағайын, бабалардың дәстүрін ұстап, күш біріктірейік, бас  қосайық!  Бірлесе қимылдап, қиындықты жеңіп шығайық!

Елімізге тыныштық, отбасымызға аманшылық, денімізге саулық тілейік!", - делінген штабтың Үндеуінде.

Қоғамдық штаб ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін пайдаланып, мейілінше ара қашықтықты ұстап, жұмыс жасайды. Халықпен байланыс үшін арнайы адамдар белгіленді. Барлық ақпаратты тез арада, жедел жариялап отыру үшін әлеуметтік желілер мен БАҚ пайдаланылады.

Бөлісу:
Маңғыстауда “Халыққа көмек” қоғамдық штабы құрылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар