Елбасы
1 мин оқу 470

Елбасы Ахметжан Есімовті қабылдады

<p style="text-align: justify;">Кездесу барысында Елбасы ағымдағы экономикалық дағдарыс Қордың барлық компаниясында көрініс тапқанын атап өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

А.Есімовтің ақпаратына сәйкес, Қорға бағынысты компаниялар тобы қызметкерлердің қысқаруына жол бермеді. Барлық кәсіпорын жұмысын жалғастырып келе жатыр. Сонымен қатар "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ Басқарма Төрағасы отандық денсаулық сақтау жүйесін қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның коронавирустық инфекциямен күресу үдерісіне қатысу шараларын кеңейту қажеттігін атап өтті.

– Қорды басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы ретінде "Самұрық-Қазына" қорының ішкі резервінен ірі мегаполистер – Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі медициналық орталық салуға қаражат бөлуді тапсырамын. Бұл медициналық орталықтар ғылыми-зерттеу әлеуетін шоғырландыруға арналады. Ол еліміздің келешек ұрпақтарын ықтимал қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді. Үкімет пен әкімдер бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөз соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті коронавирустық инфекциядан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты және қазақстандықтарды барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Бөлісу:
Елбасы Ахметжан Есімовті қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар