Жеңіл атлетика
1 мин оқу 150
Жылдың соңында өтеді
<p style="text-align: justify;">Афина марафоны мен жартылай марафоны әлеуметтік арақашықтықты сақ­тай отыра, биыл жоспарланған уақыт­тан кеш ұйымдастырылатын болды.</p>

Атап айтар болсақ, марафон 8 қарашада, жартылай марафон 20 қарашада өтеді деп жоспарланған. Греция үкіметі коронавирус індетімен күресте оң нәтижеге қол жеткізіп, 10 мың қатысушыға рұқсат берді. Сондықтан биылғы марафон екі кезеңге бөлінген. Бірінші және екінші кезеңіне 5 мың қатысушыдан жіберіледі.
Биылғы марафонға әлемнің атақты желаяқтары қатыспайды. Сондай-ақ қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салтанатты шаралар мен концерттік кештер ұйымдастырылмайды.
Бөлісу: