Павлодарда әскери ант алғаш рет онлайн режимде қабылданды
<p style="text-align: justify;">Салтанатты рәсім ҚР Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімшесінде өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz <a href="http://pavlodarnews.kz/index.php?id=40412">тілшісі</a>.</p>

Бөлімшенің тәрбие және әлеуметтік жұмыс тобының бастығы Аңсар Шәкенов атап өткендей, осы рәсім кезінде 150 жас ұлан Отанға деген адалдығы туралы ант қабылдады.
"Карантинге байланысты ант қабылдауды онлайн-режимде өткізуді шештік", - дейді Аңсар Шәкенов. - Тікелей эфирге Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Алматы және Маңғыстау облысы қатысты. Барлығы мыңнан астам жазылушылар: сарбаздардың ата-аналары мен жақындары. Іс-шара әскери бөлімшенің аумағында өтті.
Аңсар Шәкенов айтқандай, әрі қарай Ұлттық ұлан сарбаздары 5512 бөлімшесіндегі қызмет етуін жалғастырады.
"Қызмет бұрынғысынша өтуде", - дейді Аңсар Шәкенов. - Әрине, карантиндік іс-шаралар сақталуда: сарбаздарға антисептиктер, бетперделер беріледі, ал бөлімшенің өзі тұрақты түрде залалсыздандырылады.
Айта кетейік, былтыр 5512 әскери бөлімшесіне 30 жыл толды. Оған Павлодардағы қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтарды қорғау міндеті жүктелген.