Елімізде нан бағасы бір жылда 11 пайызға қымбаттады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда нанның орташа бағасы бір жыл ішінде 10,5%-ға өсті. Бидай ұнынан жасалған бірінші сұрыптағы нан бағасы 9,2%-ға, жоғары сортты ұннан жасалған нан бағасы - 13,5%, қара бидай наны 12,6% қымбаттады. Бұл туралы <a href="http://ranking.kz/">ranking.kz</a> хабарлайды, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан қалаларында 1 келі бидай ұнынан жасалған бірінші сұрыптағы нанның орташа бағасы 151 теңге (бір жылда +9%), жоғары сортты ұннан жасалған нанның 1 келісі бағасы - 289 тг (+13,6%), қара бидай нанының бір келісі 249 теңгені құрады (+13,8%).
Әсіресе, бидай ұнынан жасалған бірінші сұрыптағы нан бағасы Атырау (келісі 178 тг), Ақтау қалаларында (173 тг) қымбаттаған. Ал, ең арзан баға Алматы (келісі 132 тг) және Тараз (келісі 138 тг) қалаларында.
" alt="" aria-hidden="true" />

Соңғы бір айда Көкшетауда нан бағасы айтарлықтай қымбаттады (5,6%), келісі 169 теңгеге дейін, ал, Тараз қаласында бір жыл ішінде 27,8%-ға қымбаттады.
" alt="" aria-hidden="true" />

Ал, қара бидай наны Нұр-Сұлтан (келісі 315 тг), Өскемен (314 тг) және Семей (313 тг) қалаларында қымбат. Мұндай нанды арзан бағаға Ақтөбе мен Талдықорғанда сатып алуға болатын (келісі 187 теңге).
" alt="" aria-hidden="true" />

2020 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда нан өндірісі 292,8 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3% аз.