Аймақтар
1 мин оқу 332

Елордададағы екі көше 18 шілдеге дейін жабылады

<p style="text-align: justify;">Д.Бабатайұлы көшесі жартылай, ал Р.Дүйсенбаев көшесі толығымен 18 шілдеге дейін жабылады. Көлік жүргізушілері кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Д.Бабатайұлы көшесінде Алмалық көшесінен Тілендиев көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты 15-25 шілде аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған. Сонымен қатар 15-18 шілде аралығында Р.Дүйсенбаев көшесі бойынша Аспара көшесінен Герцен көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысын толық тоқтату жоспарланған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Бөлісу:
Елордададағы екі көше 18 шілдеге дейін жабылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар