Коронавирус
1 мин оқу 670
Карантин енгізілгелі жағдай жақсарып келеді
<p style="text-align: justify;">Елордада 5 шілдеден бастап карантин шаралары енгізілгелі, медициналық мекемелер мен қызметкерлердің жүктемесі төмендеген, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұрын ауруханаларға күніне 500-ге жуық науқас түссе, қазір бұл көрсеткіш екі есеге төмендеген.
Коронавирустан сауығып кеткендердің саны 2 есе артқан. Күніне 400-ге жуық адам жазылып шығады. Сонымен қатар, жедел жәрдем шақыру тәулігіне екі есеге азайған.
Пневмониясы бар науқастардың саны да 14% кеміген. Қабылданған карантин шаралары мен амбулаторлық емдеу нәтижесі арқасында төсек-орын қажеттілігі 99%-дан 73%-ға дейін төмендеді.
Бөлісу: