"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Мақтарал ауданына 10 ИВЛ аппаратын берді
<p style="text-align: justify;">Короновирустық пандемияға қарсы іс-шаралар аясында "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-сы Түркістан облысының Мақтарал ауданына "Көкшетау 4П" өкпені жасанды желдету қондырғыларының 10 жиынтығын тегін берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мақтарал аудандық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Өсер Мырзамдамов алғыс білдіре отырып, бұл аппараттар адамның өмірін сақтап қалуға және ауданның медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік жасайтынын айтты.
“Көкшетау-4П” аппараты өзінің сан қырлы қызметін жедел жәрдем машинасында да, жансақтау бөлімінде де атқара береді.
“Қазақстан инжиниринг” ҰК-ның еншілес кәсіпорны болып табылатын “Тыныс” зауытында биыл осындай 680 аппарат шығару жоспарланған.
Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 91 ӨЖЖ аппаратын тегін берілді.