Руханият
1 мин оқу 632

Кісі қызығарлық күміс ер

<p style="text-align: justify;">Ақтоғай ауданындағы архео&shy;логия&shy;лық-этнографиялық музейдегі құнды жәдігерлердің бірі &ndash; күміс&shy;пен әшекейленген ерге келуші&shy;лердің қызығушылығы зор.</p>

Кісі қызығарлық күміс ер

Музей қызметкері Сағат Қали­асқаровтың айтуынша, күміс ер Ақтоғай ауданының тумасы, Таш­кент қаласында тұрған соғыс арда­гері Мүбәракша Түсіпбековке тие­сілі болған.

Ал бұл жәдігерді мұражайға ақ­сақалдың інісі, аталған ауданның ор­талығында  тұратын Ғаділша Түсіп­беков тапсырыпты.

Құнды жәдігердің шебердің қолынан шыққаны көрініп тұр. Ердің алдыңғы қасы күміспен әшекейленген. Өрнектің дәл ортасына қызыл-қоңыр түсті дөңгелекше асыл тас орнатылған. Күміс ер қазіргі таңда археологиялық-этнографиялық музейдің өлкетану залындағы құнды жәдігерлер қатарында сақтаулы.

Қарағанды облысы,

Ақтоғай ауданы

Бөлісу:
Кісі қызығарлық күміс ер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар