Оқиға
1 мин оқу 350

Оқушылар шыңдалатын орда

<p style="text-align: justify;">Отандық экономикаға алғаш инвестиция салған шетел инвесторы &ndash;&shy; &laquo;Шеврон&raquo; компаниясы атыраулық оқушылар мен жастарға ерекше сый жасады. Компания демеушілігімен бой көтерген сәулетті сарайдың аумағы 18 833 шаршы метрді құрайды.</p>

Оқушылар шыңдалатын орда

Аталған  ғимараттың құрылысы 2018 жылы басталған еді. Ғимаратта  төрт қабат бар. Мұнда оқушылар мен жас­тар шығармашылық  қабілетін,  спорттық шеберлігін шыңдайды. Сон­дай-ақ сарайда ғылым мен техника, өнер, мәдениет және спорт секілді сала­ларға қатысты жеті бағытта 63 үйірме жұмыс істемек.

– Оқушыларға ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз туралы мағлұмат алуға, планетарийден аспан әлемімен танысуға мүмкіндік жасалып отыр. Мұнда  күніне екі ауысымда 1 500 бала өнермен, спортпен, шығармашылықпен шұғылдана алады. Оқушылар мен жастардың қабілетін түрлі бағытта шыңдау үшін  200-ден астам мұғалім жұмыспен қамтылады, – дейді  Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Феруза Шаңгереева.

Қала көркіне сән берген әсем сарай­дың жұмысы  1 қыркүйекте басталады деп күтілуде.

АТЫРАУ

Бөлісу:
Оқушылар шыңдалатын орда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар