Әлем
1 мин оқу 1,354

ТМД елдерінде коронавирус жұқтыру оқиғалары өршіп тұр

<p style="text-align: justify;">Ресейде бір тәулікте 6 422 адам коронавирус жұқтырған. Осылайша, Федерация аумағында мұндай науқастардың жалпы саны 746 мыңнан асып отыр, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ТМД елдерінде коронавирус жұқтыру оқиғалары өршіп тұр

Және де, соңғы 24 сағатта Ресейде жаңа вирустан 156 адам қайтыс болып, құрбандардың жалпы саны 11770-ке жетті.

Ал, Беларусь денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, бұл республикада "ковидке" шалдыққандар қатары 65440-тан асып, 480 адам жан тәсілім еткен.

Украинада өткен тәулікте 835 адамнан коронавирус табылып, 15 науқас қайтыс болды.

Мұнда пандемия басталғалы осындай диагноз 55600-ден астам адамға қойылып, 1427-сі қаза тапқан.

Сондай-ақ Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігі елде тәулігіне коронавирустық инфекцияның 41 857 жаңа жағдайы тіркелгенін, сонымен қатар індеттен 1 300 адам қайтыс болғанын растады.

Бөлісу:
ТМД елдерінде коронавирус жұқтыру оқиғалары өршіп тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар