Әлем
1 мин оқу 270
Қытайда өткен тәулікте тек бір адам вирус жұқтырды
<p style="text-align: justify;">Өткен тәулікте Қытайда коронавирустық инфекцияны бір адам жұқтырды. Ол сырттан әкелінген деп тіркелді. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет хабарлайды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Сондай-ақ бір тәулік ішінде екі симптомсыз вирусты тасымалдаушы анықталды.
Қытай елінде жұқтырғандардың жалпы саны 85 246 адамға жетті. 80 005 науқас сауығып кетсе, оның 4644-і қайтыс болды. Ал 38 науқас медициналық бақылауда қалып отыр.
Бөлісу: