COVID-19: Антидене өмірлік емес

Лондондағы Кингс-колледжінің ғалымдары COVID-19 үшін вакцина жасау қажет болмауы мүмкін деген мәлімдеме жасады. Бұл жайында "The Guardian" жазады.

Олай айтуларына себеп КВИ-мен ауырып тұрғандардың барлығында бірдей вирусқа қарсы антиденелердің түзілмеуі және қалыптасқан күннің өзінде оның қысқа мерзімге ғана ағзада сақталып, әрі қарай жойылып кетуі болған.
Кингстік ғалымдар COVID-19-дан сауығып тұрған 90 адамға зерттеу жүргізіп, олардың 60 пайызында вирусқа қарсы тұратын антидене қалыптасқанын, ал арада 3 ай өткенде олардың 17 пайызында ғана антидене сақталғанын, тіпті кейбірінде вирусқа қарсы тұратын дене мүлде түзілмегенін анықтаған. Бұл дегеніміз-КВИ-мен бір ауырып тұрған адамның араға біраз уақыт салып қайтадан жұқтырып, оған шалдығуы мүмкін деген сөз. Сондай-ақ, әлем ғалымдарының COVID-19-ға қарсы вакцина жасау жолындағы еңбегіне де күмән тудырған зерттеу қортындысы екенін айта кеткен жөн.