Аймақтар
1 мин оқу 595
Атыраудағы өзенде қайық аударылып, бір адам суға батып кетті
<p style="text-align: justify;">Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданында қайық аударылып, 1979 жылғы ер адам суға кетіп қалды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзен үстіндегі оқиға кеше, 15 шілдеде сағат 21:56-да Құрманғазы ауданында болыпты.</p>

"Қиғаш өзенінің Бірлік ауылдық округіндегі Ягодкин учаскесінің тұсында қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға батып кеткен. Ол өзенді қайықпен кесіп өтпек болған. Бүгін сағат 06:30-да суға батқан адамды іздеу басталды. Іздестіру жұмысына жедел құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 жүзу құралы тартылды" - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Бөлісу: