Жаңалықтар
1 мин оқу 250

Елбасының апталық кестесі

17 қазанда Мем­лекет басшысының қатысуымен «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілермен ке­ңес өтеді. Іс-шарада «А» басқарушы кор­пусына өткі­зіл­ген іріктеу қоры­тындысы шығарылып, меритократия, ашықтық және қоғамға есептілік қағидаттары бойынша мемлекеттік қызметті одан әрі жаңғырту жөнінде тапсырма беріледі.

18 қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезі өтеді. Съезд барысында партияның жаңа Саяси доктринасы талқыланып, қабылданады, сондай-ақ «Нұр Отанның» «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясындағы бірінші кезектегі міндеттері қаралатын болады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Елбасының апталық кестесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар