Қоғам
1 мин оқу 250

Жандарбек Бекшин Алматы жастарына үндеу жасады

<p style="text-align: justify;">Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте Алматы жастарына үндеу жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәліметі бойынша, елімізде коронавирус індетін жұқтырғандардың көпшілігі Алматы қаласында. 

– Жас ерекшілігі бойынша аурушаңдық белгілері негізінен 20-29 жас аралығындағы адамдар арасында - 19,3 пайыз құрайды. Ал 30-39 жастағы адамдар арасында - 13,1 пайыз тіркелді. Медициналық-сақтық шараларын сақтамай жүргендің көбі – жастар. Сондықтан бірінші кезекте жастарға кеңес айтқым келеді. Сақ болыңыздар! Өз денсаулықтарыңызға жіті мән беріп, бетперде тағып жүруді ұмытпаңыздар! – дейді бас дәрігер.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда коронавирус ауруының 8250 жағдайы расталды.

Бөлісу:
Жандарбек Бекшин Алматы жастарына үндеу жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар