Аймақтар
3 мин оқу 212

600-ден астам қылмыс иттердің көмегімен ашылды

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан полициясы иттердің көмегімен 602 қылмысты ашты, оның 141 есірткі және психотроптық заттарды табу, 288-і ұрлық, 14-і тонау және 9 –ы есірткінің заңсыз айналымы және т.б.

600-ден астам қылмыс иттердің көмегімен ашылды

Жалпы, Солтүстік Қазақстан полициясында 21 қызметтік-іздестіру иті бар: оның 11 неміс және 6 бельгиялық овчарка, 3-уі орыс спаниелі, 1 лабрадор-ретривер. Олардың иіс сезгіштігі із кесу, патрульдеу, одорологиялық сәйкестендіру (иіс бойынша тану), есірткі мен жарғыш заттарды іздестіруде қолданылады.

Қазір есірткі бизнесіне қарсы күресте қызметтік-іздестіру иттері таптырмас көмекшіге айналды. Бір жылдан бері полицейлер иттерді жаңа синтетикалық есірткілерді іздестіруге үйретіп келеді. Есірткі түрлерінің құрамындағы негізгі заттардың иіс имитаторлары сатып алынды. Енді иттер өсімдік тектес есірткілермен қатар, синтетикалық түрін де оңай анықтай алады. Жыл басынан СҚО-да «дизайнерлік уды» сатумен айналысқан «веб-дүкендердің» екі ұйымдастырушылары ұсталды. Ұстау қызметтік-іздестіру иттерінің қатысуымен өтті.

Жақында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мефедронды таратқан күдіктінің ұсталуы туралы айтып берді. Бұл есірткі аса қауіпті синтетикалық есірткіге жатады, оны қолданғаннан кейін ағзада қысқа мерзім ішінде шіру үрдісі басталып, адамның жүйке жүйесі бұзылады. Күдіктіден алынған заттың жалпы салмағы шамамен 40 грамм. СҚО-да бұған дейін мұнша мефедрон алынбаған«Инспектор-кинолог, полиция лейтенанты Болат Бекмағамбетовтің жетекшілігімен лабрадор Белла міндетін жақсы орындап шықты. Пәтерде іздеу жұмысын жүргізу кезінде ол жасырын орынды анықтап, СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 5 грамнан аса ерекше иісі бар ақ түсті зат салынған полимерлік пакетті алып шықты. Бүгінгі таңда Белла есірткіге қарсы күрескерлердің алдыңғы қатардағы көмекшісі, ол есірткі желісін іздеу бойынша әрбір үшінші жағдайда пайдаланылады», деді СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы, полиция майоры Самат Төлебаев

Бөлісу:
600-ден астам қылмыс иттердің көмегімен ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар