Өнер
2 мин оқу 540

Шекарасы жоқ шығармалар

<p style="text-align: justify;">Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде &laquo;Айнасыз автопортрет&raquo; деп аталатын виртуалды көрме ашылды. Музейдің &laquo;Тенгри Умай&raquo; заманауи өнер галереясымен бірлескен кезекті жобасы белгілі суретші Рустам Хальфиннің шығармашылығын қамтыған. Экспозицияда қыл&shy;қалам шеберінің 1980-2008 жылдардағы шығармашылық өмір&shy;баянының әртүрлі кезеңдерімен танысуға болады.</p>

Шекарасы жоқ шығармалар

Хальфин – нағыз өнерде ешқандай шекара болмайды деп пайымдаған суретші. Ол еліміздегі жаңа бейнелеу тілдері мен тәсілдерін меңгеруде алғашқылардың бірі болып, өзінің айналасында алғыр зияткерлік орта қалып­тастырды. 1980-ші жылдардың ортасында жұбайы, суретші Лидия Блиновамен бірге пәтерлік көрмелер ұйым­дастырып, заманауи сурет өнері­нің өріс жаюына да сүбелі үлес қосты.

1

 – Оның стилінде түс пен фон, абстракция мен бейнелілік ара­сындағы шекара жойылады. Орыс авангардының соңғы өкілдерінің бірі Владимир Стер­лиговпен, кейі­нірек оның ізба­сарларымен байланыс Хальфиннің шығармашылық дүниетанымының көкжиегін кеңейтті. Ол алдымен кес­кін­деменің көркем көрініс табуы үшін сәулет өнерін зерттеп, ал кейін өзін көкейкесті өнердің өкілі ретінде жа­риялады. ХХ ғасырдың көрнекті философтарының шығармаларын зерттеумен әуес­тенді. Атап айтқанда, француз пост­модернизм философтарының еңбектері оны өз денесін зерттеуге итермеледі. Кескіндемедегі зерттеу жұмысы Хальфинді алдыңғы дәуірлердегі кескіндеме саласындағы үлкен жетістіктерді түсінуге тартты. Оның еңбектерінде Матисс, Сезанн, Малевич, Веласкестің шығар­маларына сілтемелер бар, дейді өнер­танушы Екатерина Резникова.

1

Көрмедегі «Айнасыз автопортрет» топтамасына біріктірілген   кө­рі­ністік адам мүсіндері бір қара­ған­да түсініксіздеу көрінеді. Сала маман­дарының сөзінше, бұл туындылардың да өзіндік философиясы бар. Ондағы сызықтардың кескіні қол мен жамбас­тың иілісін, айналадағы әлемнің ері­гіш формаларымен «көз кескінін» біл­діреді. Заттар мен құбылыстардың жасырын мәнін түсінуге ұмтылу, болмыс заңдылықтарын интуитивті білу, суретшінің өзі оның бір бөлігі болып табылатын ғаламның көркем моделін іздеуге жетелейді.

Сопақ-күмбезді жүйенің әсерінен жасалған кескіндеме – таза эксперимент, онда пейзаж кеңістігі нысан-ортаны, кеңістік пен түсті ба­қы­­лауға арналған өріске ауысады. Мұн­­да зат­тар өз тығыздығын жо­ғал­тады, сал­­мақсыздыққа ие болады. Қа­лып­тасқан жолмен жүруді жет­кілік­­сіз деп санаған шебер Малевич пен Стер­лиговтың идеяларын дамыта түскен.

Көрмеде «Суретшінің терісі» жо­басының бірнеше инсталляциясы ұсынылған. Хальфин мен оның серіктестері түрлі материалдардан жа­са­ған артефактілер топтамасы жыл сайын оңып кететін болған. Көркем емес материалдар қолданылған бей­нелі туындылардың авторлық интер­претациясы шынайы визуалді пікір­лер тудырады.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Шекарасы жоқ шығармалар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар