Спорт
1 мин оқу 140

2026 жылға ауыстырылды

<p style="text-align: justify;">Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2022 жылға жоспарланған жасөспірімдер арасындағы Дакар (Сенегал) Олимпиадасын 2026 жылға ауыстырды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.</p>

2026 жылға ауыстырылды

Шешім ХОК басшысы Томас Бах пен Сенегал президенті Маки Саллдың екі күн бұрын болған әңгімесінен кейін қабыл­данған. Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы Токио Олим­пиадасының кейінге шегерілуі барлық спорт­тық додаларға кері әсерін тигізіп жатыр. Індеттің таралуының салдарынан жас­өспірімдер Олимпиадасы да төрт жылға ке­йінге қалдырылды.

ХОК сессиясы бүгін өтеді, жиын барысында Олимпиада мерзімінің ауысқаны мақұлданады. Айта кетерлігі, Сенегал 2022 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына жалғыз үміткер болған.

Бөлісу:
2026 жылға ауыстырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар