Медицина
2 мин оқу 283

Өмір үшін қиылған өмір

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жұқпалы індетпен күрес кезінде қызметтік парызын адал атқарып, дерттен көз жұмған бір топ дәрігер жоғары мемлекеттік наградамен марапатталған болатын. Осы тізімде Алматы облысының да дәрігерлері бар.</p>

Өмір үшін қиылған өмір

Президент Жарлығымен екінші дәрежелі «Барыс» ордені­мен марапатталған марқұм Қайрат Баймұхамбетов ақтық де­мі шық­қанша дәрігерлік пары­зы­на адал болып өткен жан. Ол Алматы облысының бас мем­ле­­кеттік санитарлық дәрігері қыз­метінде жүріп коронавирус пан­демиясы басталған алғашқы кезеңнен бастап күрестің алғы шебінде жүрді. Індеттің алдын алу мен сақтық шараларын ұйымдастыру жұмысының негізгі салмағы санитарлық қыз­мет­ке түскені белгілі. Қазір де бұл міндетті облыстың санитар дәрі­герлері абыроймен атқаруды жал­ғастыруда.

Ал әскери дәрігер, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы ор­талық ауруханада ұзақ жыл қыз­­мет атқарған Бегалидин Алаш­баев та індет жұқтырған нау­қас­тардың өмірі үшін ақы­­рына дейін күрескен антына берік жан­ның бірі болды. Марқұмның жан­қиярлық еңбе­гі Президент Жар­лы­ғымен «Құрмет» орденімен аталып өтіп, оның өмір үшін күрестегі өнегелі ісі мен жарқын бейнесі жүректерде мәңгілік жасайтын болады.

– Антқа адал болудың үлгісін біздің әріптестеріміз көрсетіп отыр. Өкінішке қарай, өмір үшін күресте өз өмірін тәуекел еткен дәрігерлер бар. Аймақтағы марқұм болған, науқастанып қал­ған ақ халатты жандардың отбасына көңіл айтып, мықтылық тілеймін. Жалпы, бүгінгі қиын-қыстау шақта облыста 3 мыңнан астам медицина қызметкері күн сайын қызметтік парызын атқаруда. Оның ішінде 851 дәрі­гер, 1718 орта топтағы медицина қызметкері және 436 кіші буын қызметкер бар. Барлық қыз­меткердің қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз етіп, алаңсыз жұмыс істеуі үшін толық жағдай жасап отырмыз, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ.

Өткен үш айдың ішінде облыс­тағы 3 мыңнан астам меди­­цина қызметкері жалпы сомасы 1,2 млрд теңге болатын үсте­меақы алды. Сол сияқты жер­гі­лікті бюджет есебінен 1023 ме­ди­цина қызметкеріне жалпы сомасы 137 млн теңге сыйақы берілген.

Алматы облысы

Бөлісу:
Өмір үшін қиылған өмір · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар