Елбасы
1 мин оқу 520

Тұңғыш Президент металлургтерді кәсіби мерекемен құттықтады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Тұңғыш Президенті &ndash; Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Металлург күнімен құттықтады, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Тұңғыш Президент металлургтерді кәсіби мерекемен құттықтады

"Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын!

Осы атаулы күні біз металлургтарға – ерлік пен зор қайрат-жігерді талап ететін мамандық иелеріне, өздерінің  абыройлы да ауыр жұмысына берілген еңбексүйгіш жандарға сый-құрмет көрсетеміз.

Менің өзім де домна пеші басындағы еңбекте шыңдалып, тәжірибе жинақтадым. Жұмылған жұдырықтай ұйымшылдықтың, өзара көмек пен нағыз достықтың шын бағасын білдім.

Металлургия – қазақстандық өнеркәсіптің жетекші саласының бірі, онда мыңдаған жоғары білікті мамандар мен басқарушылар еңбек етеді. Олардың қажырлы еңбегі мен асқан шеберлігі еліміздің экономикалық әл-ауқатының берік негізінің бірі болып отыр.    

Сіздер алдағы уақытта да Қазақстанның игілігі жолындағы өз жұмыстарыңыздың барысында кәсіби жаңа биіктерді бағындыра бересіздер деп сенемін.

Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, бақ-береке тілеймін", - деді Елбасы.

Бөлісу:
Тұңғыш Президент металлургтерді кәсіби мерекемен құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар