Аймақтар
1 мин оқу 202
Қостанайға 40 мың жеке қорғаныш костюмі жеткізілді
<p style="text-align: justify;">Жүк тиелген автокөлік бүгін сағат 16.00 шамасында Қостанайдағы №4-ші емхана қоймасының алдына келіп тоқтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Емхана қызметкерлері мен ерікті жастар жабылып жүріп жүк көлігін 1 сағаттың ішінде босатты. Әрбір қорғаныш костюмі өзінің маскасымен, көзілдірік, қолғап, аяққабымен бірге келген.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, костюмдердің жалпы құны 308 млн теңге болады.
Бөлісу: