Аймақтар
1 мин оқу 1,131
Атырауда сегіз жеңіл автокөлік отқа оранды
<p style="text-align: justify;">Көлік жөндеу орталығында тұрған осынша "темір тұлпар" түгі қалмай өртеніп кетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт бүгін, 17 шілдеде сағат 19:21-де басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Атырау қаласындағы И.Тайманов көшесінде орналасқан "Қазазер" ЖШС-нің көлік жөндеу орталығында өрт шықты. Өрт салдарынан ғимараттың ішінде тұрған 8 жеңіл автокөлік жанып кетті. Жалынды сөндіруге арнаулы қызметтің 15 қызметкері мен 4 техникасы тартылды. Өрт сағат 20:00-де ауыздықталып, 20:41-де толығымен сөндірілді", деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Бөлісу: