Атырауда пневмониядан 122 адам көз жұмған

Өңірде пневмония да өршіп тұр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, пневмонияға шалдыққандар саны 5809 адамға жетіп отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Бұл былтырғы көрсеткіштен 6 есеге көп. Биылғы маусым айынан бері 122 адам аталған аурудан көз жұмды. Ал, коронавирус инфекциясынан 13 адам қайтыс болды. Бұғанқоса, тағы осындай 30 жағдай арнайы комиссиямен қаралып жатыр", - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.
Сонымен бірге, 243 медицина қызметкерінің коронавирусты жұқтырғаны анықталыпты.