Жаңалықтар
1 мин оқу 360

Омбыдағы ит үйіне су тасып жүр

17 10-Ombi itОмбы облысының тұрғыны өз итін көшеде тұрған құбырдан үйіне су тасытып үйретті. Бұл туралы Lifenews.ru хабарлады.

Иесінің айтуы бойынша, Лимон атты ит он бір айлық кезінен су тасуға қызыға бастаған екен. Ол ауладағы шелекті тісімен қысып алып, күнде иесімен бірге суға барады. Ал қазір екі жасар Лимонның өз шелегі бар. Ол өз бетімен шүмекті басып, шелекке су толтырып үйіне келеді. Сондай-ақ ақылды ит монша мен үйге отын тасуға да көмектеседі. Иесі оның өте еңбекқор екенін айтып қуанады.

Айдар Өрісбаев.

Бөлісу:
Омбыдағы ит үйіне су тасып жүр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар