Әлем
2 мин оқу 410

COVID-19: Аурудың алты типі

Лондон королдік колледжінің ғалымдары коронавирус тудыратын аурудың 6 түрлі негізгі типі болатын анықтады, деп жазады Sky News.

COVID-19: Аурудың алты типі

Ғалымдардың айтуынша симпомдарына байланысты  6 типке бөлінетін аурулардың осыған сәйкес ауырлық дәрежесі де түрліше болады екен. Алғашқы екеуін ғалымдар "тұмау тәріздес" деп белгілепті. Мұндай кезде адамның басы сынып, иіс сезбеумен қатар жөтеліп, тамақ ауыратынын айтады. Біріншісінде кеуде тұсы мен бұлшық еттері ауырғанымен безгек болмайтыны аңдалса, екінші типінде безгекпен қатар тәбет жоғалып, пациенттің кеудесі сырылдайды екен.

Үшінші типте асқазан-ішек жолдарының жұмысы бұзылып, іш өтіп, асқа тәбет болмай, кеуде тұсы ауырады, бірақ жөтелсіз жүреді делінсе, төртінші түрде бас ауырады, иіс сезу жоғалған үстіне жөтел буып, безгек қысып, кеуде сырылдағанға қосаауырлап үнемі бір шаршау, тұрақты түрде әлсіздік бой көтертпейді екен.

Бесінші және алтыншы типін ғалымдар ауыр түріне жатқызыпты. Бұл кезде адамдардың бастары ауырып, иіс, дәм сезумен қатар тамаққа деген де тәбет жоғалып, жөтел буып, тамақ, кеуде, бұлшық ет бәрі ауырып, безгек қысып, адам есінен шатасады. Ал ең соңғы алтыншы формада бас ауыру, безгек буып, иіс, дәм сезу, тәбет жоғалу, іш өту, деміккенге қоса кеуде мен іші қатар ауырып, бұлшық еттер қан қақсап, өпке сырылдайды.

Британдық ғалымдар бұл зерттеулердің вирусты жеңуде дәрігер қауымына көмекке келетініне сенімділіктерін білдірген.

Бөлісу:
COVID-19: Аурудың алты типі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар