Елордаға кезекті дәрі-дәрмек партиясы ұшақпен жеткізілді
<p style="text-align: justify;">Шілденің 18-нен 19-на қараған түні елордаға жүк ұшағымен Covid-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді. Жүктің жалпы салмағы 22 тоннадан асады. Жеткізілген партияда ингавирин, парацетамол, эргоферон, сумамед, цефтриаксон, левофлаксацин, кардиомагнил және т. б. дәрілер бар, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл гуманитарлық көмек жүгі емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алады.
Әкімдік дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін қаражат бөліп, тасымалдауға көмектеседі. Дистрибьюторлар жүкті тексеріп болған соң, дәрі-дәрмектер қоймаларға, дәріханалардың ірі желілеріне 1-2 күн ішінде түсетінін атап өтті.
Тек осы аптаның өзінде қалаға 75 тоннадан астам дәрі әкелінді. Бүгін-ертең тағы бір дәрі-дәрмек партиясы күтілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қалаға дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізу тұрақты түрде жүргізіледі.