Әлем
1 мин оқу 145

Сирия жаңа парламент жасақтайды

<p style="text-align: justify;">Елдегі қиын жағдайға қара&shy;мастан Сирия үкіметі сәуірге бел&shy;&shy;гіленген парламент сайлауын өт&shy;кізу туралы шешім қабылдаған. Әлемдегі пандемия салдарынан шара осыған дейін екі рет кейінге қалдырылып келген-ді. Ресми мәлімет бойынша 250 орынға 2 мыңнан астам үміткер қатысуға ниет білдіріпті. Сарапшылар үміткерлер саны көп болғанымен, &laquo;Баас&raquo; партиясына бәсекелес болатын оппозиция өкілдерінің аз екенін айтып отыр.&nbsp;</p>

Сайлауға түскендердің көбі билеуші пар­тиядан немесе президент пар­тиясының қолдаушылары екенін алға тартады. 2016 жылғы сайлауда 200 орынды президент Ба­шар әл-Асадтың жақтастары иемденген еді. Биыл да сайлау нәтижесі осыған ұқсас болуы әбден мүмкін. Ел аумағының 70 пайызында 7 мыңнан астам сайлау учаскесі құрылған. Күнін әрең көріп отырған халықты сайлаудан гөрі елдегі ауыр экономикалық жағ­дай алаңдатады.

Таяу Шығыс институтының Си­рия бойынша сарапшысы Ка­рам Шаардың айтуынша, елдің 90 пайызы кедейлік қамытында отыр­ғандықтан тұрғындардың бас­ты уайымы қарапайым өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз ету болмақшы. Жаңа­дан құрылған парламент жаңа конституция­ны­ бекітуді жоспарлап отыр, ал президент Асад пре­мьер-министрді тағайындайды. Одан бөлек пар­ламент келесі президент сайлауына түсетін үміткерлерді де бекітеді. Сайлау нәтижесі сейсенбі күні белгілі болады.

Бөлісу:
Сирия жаңа парламент жасақтайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар